Spread the love

Дудник Степан Ильич — РСФСР Халық суретшісі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор.

Степан Дудник Феодосияда дүниеге келеді, ата-анасының кім екенін білмейді, өйткені балалар үйінде тәрбиеленген. Степан 16 жасында балалар үйінен қашып кетіп Беломор-Балтийск каналының құрылысына түседі. Сол жердегі қабырға газетіне суреттер салады. 1934 жылы В.И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік өнер институтына түсіп, 1943 жылы үздік бітіріп, аспирантураға қабылданады.

Дудниктің шығармашылығында кеңестік өнердің дамуын бейнелейтін көптеген тенденциялар көрініс табады. Ол сәндік-поэтикалық бастауларын бейнелейтін көптеген жанрлық картиналар салады. Осындай жұмыстарының бірі «Коррида» картинасы.

 

Scroll to Top