Spread the love

Фаворский Владимир Андреевич — график, иллюстратор, ксилограф, өнертанушы, сценограф, педагог. КСРО Өнер академиясының академигі. КСРО Халық суретшісі. Ленин сыйлығының Лауреаты.

Мәскеуде дүниеге келген. Анасы, суретші О.В. Шервуд оған сурет салудың алғашқы дағдыларын үйретті. 1903 — 1905 жылдары К.Ф. Юон мен И.О. Дудиннің студия мектебінде оқыды, Строганов көркемсурет-өнеркәсіп училищесінде мүсін бойынша кешкі сабақтарға қатысты. 1905 жылы №5 Мәскеу гимназиясын бітіргеннен кейін Германияға көшеді. Мюнхенде Ш. Холлоши мектебінде сурет және кескіндеме бойынша оқыды. Мюнхенде сурет салу және кескіндеме бойынша оқумен қатар философия факультетінің өнертану бөлімінде сабақ алды. Х. Корнелиус, А. Фуртвенглер, К. Фоллдың дәрістеріне қатысты. 1907 жылы Мәскеуге оралып, Мәскеу университетінің тарихи-филология факультетіне оқуға түсті. 1913 жылы Мәскеуде профессор Н.И. Романовтың және Б.Р. Виппер, К.Н. Истомин, Д.С. Недович, В.А. Фаворскийдің бастамасымен ұйымдастырылған осы факультеттің өнертану бөлімін бітірді.

1907 жылы ксилография техникасымен танысып, Фаворский бедерлі гравюраның виртуозына айналды, кітапты біртұтас эстетикалық организм, «оқу құралы» деп түсініп, арнайы дизайн теориясын әзірледі.  Иллюстратор Фаворскийдің кредосы – кітаптың ішкі мазмұнын, оның дүниетанымын жеткізу. В. Фаворскийдің өнері жасампаз, әдемі, үйлесімді, шынайы. Шебердің осындай иллюстрациясының бірі«Фамарьді жоқтап отырған Давид» А. Глобаның «Фамарь» трагедиясына (екінші нұсқа).

Scroll to Top