Зальцман Павел Яковлевич – суретші, график, жазушы. Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.
Кишиневте дүниеге келген ол балалық шағын Одессада өткізді. Ленинградта, алғашқы мемлекеттік өнер студиясында және Мемлекеттік өнер тарихы институтында білім алған. Ленинград блокадасы бұзылғаннан кейін Алматыға Орталық Біріккен киностудияда жұмыс істеуге барады және Қазақстанда мәңгі қалады.
Павел Зальцман – қазақстандық өнердің ірі қайраткерлерінің бірі, театр және кино суретшісі, станоктық шығармалардың авторы.
Ол Республиканың көркемдік өміріне мүлдем жаңа нәрсе: мүдделердің кеңдігі, кәсіби шеберліктің және философиялық ойлаудың жоғары деңгейін енгізді. Акварельмен және сиямен салынған станоктық жұмыстарымен Зальцман бұл әдістердің шынайы сәттерді бейнелеп қана қоймай, жеке тұлға мен тағдырдың күрделі драматургиясын қайта құру мүмкіндігін көрсетті. Бұған мысал ретінде «Мазарлар жанында» («Ботагөз» кинофильміне эскиз).
