Леонтьев Леонид Павлович – суретші-кескіндемеші. Қазақ КСР Халық суретшісі. Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Санкт-Петербург қаласында дүниеге келген. 1932-1939 жылдары Бүкілресейлік Өнер академиясының Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтында оқыды, оның мұғалімдері Е. Лансере және Б. Иогансон болды. 1939 жылдан бастап Алматыда тұрып, жұмыс істеді.
ХХ ғасырдың алпысыншы жылдары – суретшінің шығармашылығындағы ең жемісті жылдар. Суретшінің шығармашылығына импрессионистердің әсері тиеді: оның палитрасы ашықтана түседі, пішін мен түстің экспрессиясы пайда болады. Ауа мен жарықпен толтырылған Леонтьевтің суреттері болмыстың қуанышын сездіреді. Осы кезеңдегі жұмыстардың бірі – музей коллекциясындағы «Қайықтар» картинасы.
