Черкасский Абрам Маркович — суретші, кескіндемеші және педагог. Қазақ КСР Халық суретшісі. Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Украина, Белая церковь қаласында дүниеге келген. Ол Киев көркемсурет мектебінде және Санкт-Петербург Өнер академиясында оқыды, А.А. Мурашко және Н.К. Пимоненконың оқушысы. 1917 жылдан бастап Винницада тұрды. 1926-1937 жылдары Киев көркемсурет институтында сабақ берді. 1937-1940 жылдары сталиндік саясатқа байланысты поляк тыңшысы ретінде сотталып, Қарағанды маңындағы Карлагқа жер аударылды. Еліне оралғаннан кейін отбасымен 1941 жылы қайтадан Ақтөбеге көшірілді. Алматыға көшіп келіп, 1941 жылдан 1960 жылға дейін Н.В. Гоголь атындағы мемлекеттік көркемсурет училищесінде сабақ берді.
Абрам Черкасскийдің жұмысы ең жоғары көркем мәдениетімен, колористикалық қатынастардың нәзіктігі мен сұлулығымен, табиғат әлеміне терең енуімен ерекшеленеді. Ол батыл пастоздық кескіндемеге, қанық бояу жағынына, фактураға деген сүйіспеншілікке ие болды. Суретшінің «Саябақта» жұмысы да осыған дәлел.
