Дүйсенбаев Кенжебай Дүйсенбайұлы — қазақстандық кескіндемеші, 1974 жылдан ҚР СО мүшесі, 1991 жылдан еңбек сіңірген өнер қайраткері. 2006 жылдан бастап Қырғызстан ЕО-ның толық мүшесі, 2005 жылы «Тарлан» платина сыйлығының лауреаты. Оңтүстік Қазақстан облысы Абай ауылында туған. 1972 жылы А.Н. Островский атындағы Ташкент театр-көркемсурет институтын бітірген. 2006 жылдан бастап Қырғызстан ЕО-ның толық мүшесі, 1972 жылдан бастап Гоголь атындағы өнер мектебінде сурет, кескіндеме және композиция мұғалімі. 2000-2003 жж. Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА сурет және кескіндеме пәнінің оқытушысы.
Дүйсенбаевтың шығармашылығы көпжақты. Кенжебай Дүйсенбайұлы өзінің шығармашылық жолын туған ауылының өмірі мен соғысқа арналған тақырыптық картиналардан бастағаны белгілі. Суретшінің алғашқы кезеңіне жататын осындай жұмыстардың бірі – «Әке көктемі».
