Алақандағы жылу
Отбасында — ортақ істерде, шығармашылықта және шынайы қарым-қатынаста туындайтын ерекше жылулық бар. Дәл осындай сәттер қымбат естеліктерге айналады. Отбасылық құндылықтар күніне орай, «Наурызнама» мерекелік онкүндігі аясында музейде «Алақандағы жылу» атты керамика бойынша шығармашылық отбасылық тренинг өтті.
Шығармашылық кездесуге музейдің Балалар көркемсурет студиясының тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге қатысты. Көзеші ұршығының басында балалар мен ересектер ең көне қолөнер түрлерінің бірі — сазбен жұмыс жасауды меңгерді. Олардың қолында жұмсақ саз біртіндеп пішін алып, пиалаға айналды. Бұл шағын, бірақ маңызды бұйым қазақ мәдениетінде ерекше орын алады: пиалаға хош иісті шай құйылып, отбасы мүшелері дастархан басына жиналып, жаңалықтарымен бөлісіп, әңгімелесіп, күнделікті өмірдің жылы сәттерін бірге өткізеді. Өз бұйымдарын жасай отырып, қатысушылар осы дәстүрлерге жақындап, әрбір пішінге өз жылуы мен отбасының көңіл күйінің бір бөлшегін енгізгендей болды.
Жарқын Наурыз мерекесі қарсаңында мұндай шығармашылық кездесулер бір дастархан басына жиналып, ұрпақтар сабақтастығын сезінуге және әр отбасыда аялап сақталған дәстүрлерге жақындауға тағы бір себеп болады.


