Мектепке келген өнер…
Наурызнама аясында мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне орай Семей қаласындағы №27 жалпы білім беретін мектепте Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі қорынан алынған суретшілердің факсимильді туындыларының көшпелі көрмесі өтті. Көрмені музей қызметкерлері Сивашова Юлия Валерьевна мен Абешова Жанар Жұмағазиновна ұйымдастырып, өткізді.
Бір күнге мектептің қабырғалары өнердің ғажайып әлемімен әрленіп, ерекше рухпен толды. Оқушылар музей коллекциясының туындыларымен танысып, суретшілердің репродукцияларына көз тастап, бейнелеу өнерінің сырына сәл де болса бойлады. Жергілікті шеберлердің туындылары балалардың ерекше қызығушылығын тудырды, онда туған өлкенің таныс пейзаждары мен көңіл-күйі бейнеленген.
Экскурсия барысында музей қызметкерлері оқушыларға суретшілер, картиналардың шығу тарихы және әртүрлі өнер бағыттарының ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді. Көптеген оқушылар үшін бұл өнер әлемімен кездесудің өзі жаңа ашылымға айналып, бейнелеу өнеріне өзгеше көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.
Мұндай көрмелер өнерді жақындатып, оны баршаға қолжетімді етеді; мәдениетке деген қызығушылықты оятып, балалардың өз шығармашылықтарына қанат бітіріп, жаңа шабыт көзіне айналады.
Last updated on 17 марта, 2026 at 11:47 пп








