«Лейтенант Қошқарбаев Рақымжанның ерлігі» «Бір картинаның тарихы» сериясынан көрме
Ұлы Жеңіс мерекесі әрбір қазақстандық үшін өте маңызды. Әр отбасының аталары немесе арғы аталары, бүгінде тірі немесе бақи дүниеге кетіп қалған, сол алыстағы жан түршігерлік соғыстың қатысушылары болды. Бүгінгі күні ол туралы есте сақтау өте маңызды. Халқымыздың жас өскелен буыны бізге соғыс батырлары сыйға тартқан әлемнің не екенін түсінуі өте маңызды. Бүгінгі өмір сүру үшін бізден алыс уақыттың адамдары қандай құрбандыққа барғанын бәрі білуі және есте сақтауы маңызды.
Осы мақсатта Ұлы Жеңісті мерекелеуге және отандасымыз лейтенант Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде бірнеше іс-шаралар өтті. Олардың өзегі «Бір картинаның тарихы» сериясынан көрме болды. Көрмеде Айтымбай Молдабековтың «Лейтенант Қошқарбаев Рақымжанның ерлігі» атты картинасы ұсынылды.
Ширыққан жауынгерлердің ерлігі, қимылы бірінен-бірі өтеді. Зеңбірек, миномет оқтары қарсы маңдайдан ұрса да, шегінер еш адам жоқ. Сүйем болса да, ілгері жылжып келе жатқан қазақтың жас офицері. Батырдың батыл жүзі жеңіске деген сенімділік пен батылдыққа толы. Бұл — Рақымжан Қошқарбаев. Соғыс жылдарында ол көптеген марапаттарға ие болды, бірақ оның басты ерлігі Рейхстаг ғимаратында Жеңіс туын тігуі.
Суретші-кескіндемеші, монументалист, театр суретшісі, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі тақырыбына жүгінуі кездейсоқ емес. Суретшінің тағдыры көбінесе оның кейіпкерінің тағдырымен үйлеседі. Ол да ерте жетім қалып, соғыс жолдарынан да өтті.
Көрмені кітап көрмесі толықтырды. Мұнда батырдың: «Штурм» және «Рақымжан Қошқарбаевтың Туы» атты орыс және қазақ тілдеріндегі шығармалары мен фотосуреттері, газет материалдары ұсынылған.
Ал көрме Семей қаласының технологиялық колледжімен бірлесіп ұйымдастырылған әдеби кешпен жалғасты. Кеш «Рақымжан Қошқарбаев: ерлік тарихы» — деп аталды, онда өлеңдер оқылып, музыка шырқалды және Лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатовтың Рейхстагқа қалай жетіп, оған Жеңістің Қызыл Туын тіккені туралы әңгімеленді.
Бұл іс-шаралар кешенінің кураторлары музей қызметкерлері Сивашова Юлия Валерьевна мен Неделькина Наталья Сергеевна болды, ал әдеби кешті технологиялық колледж студенттерінің өздері жүргізді.