Александр Осиповтың жеке көрмесі
«Гонимы вешними лучами, с окрестных гор уже снега сбежали мутными ручьями на потопленные луга.…»
О, жоқ
«Тучки небесные, вечные странники! Степью лазурною, цепью жемчужною…»
Ал, мұнда «Буря мглою небо кроет….»
Пушкин, Лермонтов және олармен бірге Чайковский мен Вивальди, Бах және, мүмкін, тіпті Пьяццолла «Аквареллион» деп аталатын осы көрмеде картинадан картинаға өткен сайын құлағында, сананда, жан дүниенде естіледі. Бұл атау аспаннан тамған тамшылардың тырсылы немесе бұталарды паналаған құстың сайрауы сияқты. Акварель, тамшылар, сыбдыр…
Александр Федорович Осипов – танымал суретші. Бұл өз жұмысын «Метафизикалық реализм» деп сипаттайтын танымал шебер. Көрермендер оның ерекше техникамен жасалған кескіндеме жұмыстарымен көбірек таныс, бұл дегеніміз, образ көптеген кішкене бөліктерден тұрады және де тек бір бұрыштан анықтап қараған кезде ғана болжанады. Сонымен бірге суретші өзінің шығармалары туралы: «көзбен емес, жан-дүниенізбен қараңыз» дейді.
Бірақ, бүгін ол үшін көрме ерекше. Бұл оның Невзоровтар отбасы музейіндегі алғашқы жеке көрмесі, онда тек акварель жұмыстары қойылған. Олардың барлығы Алматы маңында, alla prima, табиғаттан суреттелген.
Міне, суретте олар қиғаш, аласа таулардың үстінен өтетін ағаштар жолағының артына көтеріледі. Олардың үстінде құстар қалықтап ұшып жүр, ал алдыңғы қатарда көрерменнің көз алдында өзен жайылып жатыр. Басқа жұмысында алыстағы орман көкжиектің қараңғы жолағымен созылып, оның үстінде желден жырым-жырым болған тәрізді ақ-сары күн тұр. Ол күннің көзінен жанып тұрған массаны жұлып алып, оны зеңгір аспанның көгілдір түсіне араластырып жібергендей. Суреттің шетінде тар жол тыныш және байқалмай созылып жатыр, былтырғы шөптің ұштары желмен көмкерілген қардың жұқа қабатының астынан шығып тұр.
Барлығы мейірімді, шынайы және жайлы. Тіпті кейде жанға үрей туғызатын жел де, тұман да – бұл жалпы табиғаттың бір бөлігі ғана, бұл әлемнің бір бөлігі, оған суретші көзімен емес, жанымен қарайды.