Музей сыйлаған сиқырлы сәт.
Бүгін музей балаларға ертегідей ғажайып сыйлады! Абай облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінен Гарри Поттер әлемінің кейіпкерлері № 9 жалпы орта білім беретін мектепке келіп, бүлдіршіндерді шығармашылықтың сиқырлы әлеміне жетеледі.
Сиқырлы таяқша сермеліп, «Piertotum Locomotor!» деген дуалы сөз айтылған сәтте… әне-міне дегенше, кәдімгі газет көз алдымызда қанат қағып, ұшып бара жатқан үкіге айналды!
Сөйтсек, газет парағын ұсақтап жыртып, қағаз бетіне жапсыру арқылы қауырсындары жан-жаққа үрпиіп тұрған үлпілдек үкі жасауға болады екен. Оған аз ғана қиял қоссаң, кәдімгі тірі құстай әсер қалдырады!
Ал музей қызметкерлері мен балалардың қиялына шек қойылып па еді?!
Ал сіздер, қадірлі көрермендер, қанат қағып ұшқан үкіні көруге дайынсыздар ма?
#музей #бейнелеуөнерімұражайы #невзоровтармұражайы #өнер #шығармашылық #сиқыр #сиқырлысәт #гаррипоттер #ертегі #балалар #мектеп #үкі #абайоблысы #семей #қазақстан


