23.11.2026

Өнерді қолмен де танып-білуге болады!

Абай облысында «Бала құқығы – Мемлекет тірегі» бағдарламасы аясында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі – 23 қарашада жарияланған «Әр балаға – тең мүмкіндік» бастамасына орай Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде №3 мамандандырылған мектеп-интернаттың көру қабілеті бұзылған оқушыларына арналған квест-экскурсия өтті. Көру қабілеті нашар балалармен жұмыс істеуге арнайы дайындықтан өткен экскурсия жетекшісі Юлия Валерьевна Сивашова картиналар туралы қарапайым әрі қызықты тілмен әңгімеледі. Балалар туындылардың сипаттамасын тыңдап, түрлі заттарды қолмен ұстап көріп, экспозициядан өздеріне қажетті картиналарды іздеп тапты. Осылайша олар бейнелеу өнерінің жанрларымен және туындыларды жасауға қолданылатын материалдармен танысты.

#Бала_құқығы_Мемлекет_Тірегі #Абай_облысының_балалардың_құқықтарын_қорғау_басқармасы #Невзоровтар_отбасы_атындағы_музей

Scroll to Top