06.03.2026

Абай облысы  Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің балалар көркем сурет  студиясының  оқушылары Халықаралық әйелдер күніне арналған «Үйлесімнің үш бейнесі» көрмесінің ашылу салтанатында қонақ болды. Іс-шара аясында көрменің кураторы  Г.Д. Сарсембина экспозиция бойынша әсерлі экскурсия өткізіп, қатысушыларды ұсынылған туындыларда бейнеленген көркем бейнелер мен терең идеялар әлемімен таныстырды.

 

Scroll to Top