АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН!

Көктемнің алғашқы күнін қазақстандықтар «рахмет» сөзімен қарсы алады.

1 наурыз – жаңа, бірақ өте терең мағынасы бар мереке — Алғыс айту күні.

Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын күні.

Алғыс айту күні – бұл Қазақстанның барлық тұрғындарының бір-біріне құрмет пен сыйластық көрсетуі.

Алғыс айту күні-өткенге құрмет. Бұл мереке өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, бір-біріне деген құрмет сезімдерін тәрбиелейді, сондай-ақ этносаралық қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.

Алғыс айту күнін мерекелеу аясында музейде № 22 мектеп-лицейінің төменгі сынып оқушыларымен «Алғысым шексіз» құттықтау открыткасы» аппликация техникасы тақырыбында шығармашылық сабақтар өтті. Балалар музей қызметкерлерімен бірлесіп, өз қолдарымен  жұмыс жасап, қойылған міндеттерді орындауға шығармашылық ынтамен кірісті. Соңында кішкентай келушілер үшін қызықты тақырыптық экскурсиялар өткізілді.

Ынтымақтастық үшін №22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің әкімшілігіне алғыс айтамыз.

Scroll to Top