МЕРЕКЕЛІК! КӨРНЕКІЛІК! ЭМОЦИЯЛЫҚ! ҚЫЗЫҚ!

Осы анықтамалардың барлығын өткен жұма күні Невзоровтар музейінде өткізілгенвернисажға жатқызуға болады. Бұлттар мен жауған жаңбыр еш кедергі бола алмады. Қонақтардың көтеріңкі көңіл-күйі мен көптеген саны — Астаналық суретшілер шығармашылығына деген шынайы көңілдің куәсі.

Көрменің ашылу салтанатына жиналғандардың назарын мұражай директоры Татьяна Александровна Стромская, әдеттегідей, өте дәл және мағынасы кең сөздермен өлкенің мәдени өміріндегі сөз жоқ, үлкен және маңызды оқиғасына шоғырландырды. Ол өз сөзінде: « «география» — бұл жер, «тарих» — уақыт пен адам, өнер – барлық ұқсас түсініктерден жоғары орналасқан ұғым»-деп айтты . Өйткені тек өнерде ғана, оның ішінде бейнелеу де, қарапайымнан күрделігіге, жалпыдан – жекешеге қозғалыс жоқ. Барлығы «қазір және осы жерде» өтеді. Және де осы көрмеге өз жұмыстарын ұсынған суретшілер Астананың шығармашылық одағына бірлескендіктері маңызды емес. Көптеген суретшілер Қазақстанның қалалары мен ауылдарында туып өскен және білім алған, олардың әрқайсысы өнерде өз жолдарын тапқан.

Вернисажда сөз сөйлегендер: қабылдаушы тарабы өкілдері және атақты астана қонақтары осындай кездесулер қуантады және, алған әсерлер мен білімменбайытады деп, бір шешімге келді. Олардың арасында: қала әкімі орынбасары Н.Шарова, суретшілер М.Туксеитов, Е.Асылханов, Е.Айтуаров, К.Муллашев, О.Исмаилов және т.б.

Астана суретшілер Одағының атынан Астана суретшілер Одағының естелік медальдері музей директоры, өнертанушы, Т.А.Стромскаяға және Семей қаласының суретшілеріне – Н.Өтепбаевқа, Т.Татиевке, Г.Макаровқа табысталды. Жиналған қауым осы қуанышты хабарды аса жылылықпен қарса алды және дарынды өз жерлестерін құттықтады.

Көрмемен танысқан соң музейдің дәріс залына барлық тілек білдірушілершақырылды, бұнда суретшілер өзінің шығармашылығы туралы әңгімелеп, сондай-ақ көрерменнің көптеген сұрақтарына жауап берді. Әәңгіме барысында Шәкәрім атындағы университетінің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының студенттерімен М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері белсенділік танытты. Көрме жұмысы екі айға дейін созылады, сондықтан Қазақстанның ең үздік қылқалам авторлар туындыларын көре аласыздар. 

Scroll to Top