Аяз ата шеберханасында

Үлпілдеген қар ұшқындары өрнекті біздей ұштарымен күн сәлесіне шағылыса жақын қалған мерекені сезінгендей төмен қарай көңілді құлауда. Әрбір қар үлпілдектері бірін бірі кезек-кезек қуып жетіп, біртіндеп қонған қар ұлпалары бірмезетте жол бойларын қар үйінділерімен толтырды. Айналадағы ағаш бұталарына нәзік әрі жұқа жамылғыларын сыйлады. Үлпілдеген жұмсақ қар ұлпалары аула ойықтарын тегістеп, үйлер мен ағаштар арасындағы тіршілік атауының іздерін жауып өтті. Саңырау табиғаттың мұндай тосын көрінісіне бойы үйренген Аяз ата өз шеберханасында тамаша көңіл күймен қызу жұмыс үстінде. Өйткені уақыт тығыз. Мереке қарсаңында әрбір баланы қуанту, әрбіріне сыйлық әзірлеу секілді, қыруар жұмыстар біраз уақыт алатыны сөзсіз, және оның жалғыз өзіне қиын . Осы төңіректе Аяз ата көмекке Қаршақызбен түрлі жануарларды көмекке шақырады.
Көп кешікпей көптен күткен мереке басталды. Шыршадағы түсті шамдар түрлі қалыптағы ойыншықтар негізінде алыстан жарқырап көпшілікті өзіне тартатындай әсерлі. Осындай тамаша әрі қызықты көріністі әсіресе үлкен- кіші балалар ерекше қызықтауда. Шыршаның жарқыраған шамдары, оның түбіндегі сыйлықтар олардың әрқайсысына ұмытылмастай қуаныш сыйлады. Әсіресе балалар, көше бойын сызып өткен Аяз ата шанасының сиқырлы ізін көреміз деген үмітпен жол бойына таласа жүгіретіндіктері өте қызықты.
Көзді ашып жұмғанша мерекеде аяқталды. Бірақ біржолата кетіп қалмады. Мерекелік қызықты сәттер тек қана балалардың есінде ғана емес, олардың қиял ғажайыбынан туындаған шығармашылықтарында өз жалғасын тапты. Олардың сезімталдығымен орындалған Жаңа жылдық мереке іздерін тамаша суреттерінен, қолөнер туындыларынан және ерекше маскалар топтамаларынан көруге болады. Барлығымызға ортақ бұл мерекелік көңіл-күй балалар шығармашылықтарының арқасында музей төрінде ашылған көрме вернисажында өз жалғасын табуда.
«Аяз ата шеберханасында» — Облыстық Невзоровтар отбасы атындағы музейінің балалар көркемсурет студиясы оқушыларының шығармашылық көрмесі осындай атуға ие. Бұл көрме кейбір кісілерге «Аяз ата шеберханасына» бала көзімен көз қиығын салып кетуге мүмкіндік береді. Мүмкін біреулер мұндай көріністі түсінде көрген болар, біреулерге ертегі желісімен таныс. Иә, мұның барлығы жаңа жыл мерекесіне көңіл-күй сыйлайтын жай қиял болуыда мүмкін. Бірақ барлығы бүтін бір ғажайып.
Қабырғаға ілінген суреттер. Олардың мазмұнына үңілер болсақ; Суретші балаларға жоғарыдан қар ұлпалары қонаққа келді,олар өздерімен бірге достарын ерте келген. Бұл көріністер қағаз беттерін түрлі-түсті бояулармен мықтап жаулап алған, және бір қағаз бетінде шаршаған Аяз ата «Жаңа жылдық газет» оқып отыр, ал көрші бөлмеден мерекелік шараның іздері сезілетіндей. Витрина сөрелерін папье-машеден жасалған түрлі маскалар безендірсе, қолдан жасалған тартымды ойыншықтар өз шыршасын күтуде. Бұл орайда балалар тек суретшілік қабілеттерімен ғана емес, түрлі материалдармен жұмыс жасай алатын шеберлік қырларынмен көрінуге тырысқандығын байқаймыз.
Мереке сыйлықтармен өз жалғасын табуда. Өзіміздің Аяз атамыз, Аяз ата емес, дәлірек айтқанда суретшілер елінің сиқыршысы Манат Саясатович және оның сенімді көмекшісі Ольга Андреевна өнерлі балаларға сыйлықтар әзірледі.Студия оқушылары арасында өз жұмыстарын жаңа жылдық көрмеге ұсынғандар және аяқтап үлгермеген балалар да көптен күткен жаңа жылдық сыйлықтарына қол жеткізді. Сыйлықтар қатарында балалараға бейнелеу өнері жолында шабыт сыйлайтын, қабілетіне қабілет қосатын, әлемдік бейнелеу өнері және сол бейнелеу өнері жолындағы өнер майталмандары туралы кітаптар болды. Балалар мәз-мәйрам!
Ал, музей қабырғасында келіп тамашалаймыз деушілерге әсіресе, енді Аяз атамен жолыға бермейтін ересектер үшін де жаңа жылдық мереке балалар қиялымен жалғасады. Келіңіздер, көріңіздер, балалық шаққа бір мезет саяхат жасап кетіңіздер!

Scroll to Top