Бейнелеу өнеріндегі ұлы Абайдың бейнесі
Белгілі қазақ ойшылы Абайдың 175 жылдығың мерекелеу қарсаңында Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің қызметкерлерімен «Семей қ., Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі МӘМ» қамқорлығындағы адамдарға көшпелі дәріс өткізілді.
Ақын, ағартушы және философ Абайдың тағдыры – ерекше және маңызды. Абай бейнесі, оның өмірі мен шығармашылығы Қазақстанның көптеген өнер қайраткерлері үшін олардың шығармаларының тақырыбы болған. Олар оның бейнесін кескіндеме, графика және мүсіндеу өнерінде үлкен шабытпен бейнелеген. Олардың ішінде маңыздылығы жағынан алғашқы кәсіби қазақ суретшісі — ҚазКСР Халық суретшісі Әбілхан Қастеев және алғашқы қазақ суретшісі-мүсінші — ҚазКСР Халық суретшісі, профессор Хакімжан Есмұханұлы Наурызбаевтар алдыңғы орында тұр. Осы кезеңде Абай туралы бейнелеу өнерінде көптеген шығармалар жасалған: 1887 жылғы Абайдың қарындашпен салынған портреті, П. Лобановский, «Абай портреті» (1924 ж.,) Н. Крутильников, «Абай киіз үйдің жанында» (1934 ж.), «Абай» (1934 ж.), «Киіз үй» (1934 ж.), «Жас Абайдың портреті» (1945 ж.), «Абай портреті» (1954 ж.), «Жас Абай» (1967 ж.), «Абайдың бозбалалық шағы» (1968 ж.), «Абай жайлауда» (1971 ж.) Ә. Қастеев, «Жас Абай» (1948 ж.) А. Волошин, «Абай» (1953 ж.) А. Кенинг, «Абай кітапханада» (1953 ж.) Л. Леонтьев, «Абай»(1960 ж.) Е. Сидоркин, «Алматыдағы Абай ескерткіші» (1960 ж.) X. Наурызбаев, «Абай мен Тоғжан» Марченко, «Абай» (1971 ж.) Н.Нұрмұхамедов, «Абай ескерткіші» (1977 ж.) Д. Элбакидзе, «Абай» (1992 ж.) Ж. Қайранбаев, «Абай жайлауда» (1995 ж.) И. Ачилов.
Дәріскер, Р.С. Мухамедова Абайды ақын ретінде ғана емес, ойшыл, қоғам қайраткері, қарапайым халықтың қорғаушысы ретінде таныстырды. Ол Абайдың қиын өмір жолы туралы айтып, оның дәуіріне баға берді, оның өлеңдеріне, белгілі суретшілер мен мүсіншілердің шығармалары негізінде «Қара сөздер» философиялық еңбектеріне талдау жасады.
Кездесу соңында қамқорлықтағы адамдар Абайдың өлеңдеріне арналған музыкалық шығармаларды орындап, танымдық дәрісіне өте жылы алғыстарын білдірді.