Жиырма бес жыл бұрын, 1992 жылғы  4 маусымда  Қазақстанның  жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген көк Туымыз және шанырақ пен тұлпары бар Елтаңбамыз әлемге жаңа Тәуелсіз Мемлекет – Қазақстан Республикасын танытты.  Бұл күн  біздің егеменді еліміздің тарихында  жаңа рәміздердің туған күні ретінде мәңгі белгіленген. Содан бері бұл мерекені жыл сайын қазақстандықтар салтанатты түрде атап өтеді.

Айтулы мерекенің қарсанында Невзоровтар отбасы атындағы  музейінің  маманы, Р.С.Мұхамедова  «Зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету ауамақтық орталығы» ММ-де ( зейнеткерлерге)  дәріс оқыды, онда          Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұран рәміздері  мен авторлары туралы, оның құрылу тарихы туралы жарқын да қызықты әңгімеледі. Әңгіме кең фотопрезентациямен безендірілді. Дәріс соңында барлық қатысушылар  Қазақстанның әнұраның орындады.

Scroll to Top