Невзоровтар отбасы музейінде өнер сүйер қауым клубының кездесуі

Өзінізде ұшқын болған кезде ғана айналанызды қатты ынтыландыра аласыз:

«Мен сезімді оятып, жүректі қозғай алған кезекті кездесуден келдім.  Маған спикер Жанар Жұмағазықызы ерекше ұнады, ол бізді таңғажайып әйелдің: суретші және актрисаның шығармашылығымен таныстырды. Бұл кездесу мені қуаныш пен шабытқа бөледі».

Клуб мүшесі Третьякова Елена Борисовна қалдырған бұл пікір керемет дарынды суретші және актриса Гүлфайрус Исмаилованың шығармашылығы туралы дәріс жайлы. Мұндай пікірлер өте көп. Себебі дәріскер, музейдің кіші ғылыми қызметкері, Абешова Жанар Жұмағазықызы Гүлфайрустың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндап, оның суреттерімен слайдтар көрсетіп шығармашылық жолын кеңінен ашты. Мұндай дәрістер жиі өткізіледі, оларды YouTubе-тен көруге болады. Жанар Жұмағазықызы өзінің харизмасымен, осы суретші әйелдің шығармашылығына деген құштарлығымен барлық қатысушыларды өнеріне «ғашық қылып», оның шығармашылығымен одан әрі танысуға деген құштарлығын оята алды.

«Енді Гүлфайрус Исмаилованың шығармашылығын тереңірек зерттеу керек. Кездесуге қатысқандардың барлығы оның қатысуымен фильмдерді қайта көруді жоспарлап отыр» — бұл пікірдің жалғасы.

«Қосыламын! Мен шабыттанып, кеше «Ботагөз» фильмін көрдім. Гүлфайрус Мансұрқызы сұлу, ерік-жігері күшті әйел, талант. Жанар Жұмағазынқызына оқыған дәрісі үшін рахмет айтамын, келесісін күтемін» -бұл клубтың басқа қатысушысы – Антонина Иваньконың пікірі.  

Мұндай пікірлер түсінікті.

Міне, тыңдаушылардың алдында қандай жағдай болмасын суретші боламын деген өмірлік арманы мен ұстанымын өзгертпеген, соғыстың  аштық  жылдары кезіндегі пиондардың жапырақшалары арасынан аспанға қарап армандап тұрған баланың образы пайда болады.

Жылдар мен тағдырдың басқа да бұрылыстары өз ағынымен жалғасуда. Енді Гүлфайрус Мәскеуде, Суриков институтындағы сәтсіздік, бірақ – кинодағы дебют! Зерделі көрерменнің алдында өзгеше өмірдің кадрлары ауысуда, енді бала емес, бірақ жас суретші, барлық қиындықтарға қарамастан, өзінің өнерге деген құмарлығын өзгертпеген.

Бұл кезең жаңа, шығармашылық еңбекке толы және өмірге деген төзімділікпен жалғасады. Ленинград, Репин атындағы институт. Білім үшін аштық күресі. Табандылық пен күш. Және махаббат. Үлкен, жарқын және өмірлік. Гүлфайрус Исмаилова мен Евгений Сидоркин – бұл «көкте» шешілген одақ. Бұл олардың бүкіл өмірін жарқын  қылған  кездесу. Жас жұбайы өзі таңдаған жарының Отанына ғашық болып, онымен бірге Қазақстанға келеді.

Бірақ, бұл өмірдің басқа кезеңінің бастауы. Үлкен жарқын өмір.

Осылайша, көрермен алдында суреттер мен оқиғалар тізбегі Қазақстанның алғашқы әйел суретшілерінің бірі және жарқын актриса – Гүлфайрус Исмаилованың өмірі мен шығармашылығына арналған кенептер көрінісі өтіп жатыр. Жанар Жұмағазықызының жалындаған ұшқын оты көрермендердің рухын оятып, көңілдерін паш етті!

Айта кету керек, клубтың жұмыс маусымы аяқталуға жақын. Бірақ бұл соңғы кездесу емес. Тағы кездесулер бар. Дәстүр бойынша, клуб қатысушыларын басқа да қызықты тақырыптар күтіп тұр.

Scroll to Top