6 наурызда Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде Халықаралық Әйелдер күніне арналған музей қорындағы картиналардан «Бейнелеу өнеріндегі әйел образы» құрылған жаңа көрме ашылды. XX ғасыр 70-90-шы жылдар суретшілерінің 40 көркем кескіндеме және графикалық жұмыстар ұсынылды.
Әлемдік өнерде әрдайым мәңгілік тақырыптар болады. Оның бірі- әйелдер тақырыбы. Әйел сулулығының құпиясы адамзат тарихын және әр адамның жан-дүниесін тебірентуде. Бұл құпияның сырын ашуға тырыспаған суретші табылмас, бірақ әрқайсысы түсіну және сезіну мәнің өзінше жеткізе білген.
Қазіргі заманғы әйелдер әлемінің түрлі күрделі қырлары мен рухани сұлулығы көптеген қазақстандық суретшілердің де назарын тартқан, олардың ішінде: В.И. Антощенко-Оленев, Е.М. Сидоркин, Е. Карасулова, К.Я. Баранов, М.М. Беляев, М. Аманжолов, В.И. Крылов, Сахи Романов, О.Д. Кужеленко, А.С. Бейсембинов, Н.С. Гаев, А.Г. Ғалымбаева, В.М. Фролова, Н.А. Наседкин, Д.К. Алиев және басқаларыСахи Романов. Е. Бүгінгі күні олардың қылқалам туындылары қазақстандық бейнелеу мектебінің классикасына айналды.
Қазақ КСР еңбек сіңірген қайраткері Валентина Антощенко-Оленеваның «К. Дөненбаеваның портреті» атты жұмысы образдың сұлулығымен және тұтастығымен көз тартады. Кәмшат Дөненбаева – танымал, қазақтың тракторшы қызы, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, еңбекте көрсеткен жетістіктері үшін Социалистік еңбек Ері атағының иегері.
Ана идеалың, ана мен бала арасындағы қасиетті байланысты іздеу тақырыбын Қазақ КСР еңбек сіңірген қайраткері Константин Барановтың «Тың жеріндегі таң» сурет парақтары толық ашуда. Оның «Балқаштың балықшы әйелдері» топтамасынан «Күту», «Балық ауларын жөндеу» және «Балқаштың балықшы әйелі» атты шығармалары образдық шешімнің көрнектілігімен және теңізші-әйелдердің қатал өмірі туралы сыр шертеумен ерекшеленеді. ҚазКСР еңбек сіңірген қайраткері Виктор Крыловтың «Экзамен тапсыру алдында», Қазақстан Халық суретшісі Николай Гаевтің «Өнертанушы» және Николай Наседкиннің «Медбике» атты музей жинақ парақтарында қазіргі заман әйелдер образдары, түрлі маман иегерлері бейнеленген. Осы тақырыпқа өз үлестерін кәсіби тамаша суретші әйелдер — Елена Бейсембинова, Ольга Кужеленко және ҚазКСР Халық суретшісі Айша Ғалымбаеваларда қосқан. Олардың қылқалам жұмыстары «Алтын шөп», «Түймедақ гүлдер», «Натюрморт» суреттерімен ұсынылған. Арсен Бейсембиновтің «Қарашаш сұлу» атты жұмысында қыздың образы өзінің балалық нәзіктілігімен көңіл аудартады. ҚазКСР Халық суретшісі, Ш.Уалиханов атындағы ҚазКСР Мемлекеттік сыйының Лауреаты Евгений Матвеевич Сидоркиннің шығармашылығы – қазақстан бейнелеу өнерінде ерекше парақ болып табылады. Оның басты тақырыбы – өткені мен бүгіні, фольклор және қазақ халқының тарихы, әрине, қайталанбас әйел бейнелері. «Ана портреті» көркем бейненің тұтастығы және мәнерлілігімен таң қалдырады.
Сондай-ақ, қазақстандық суретшілердің көркем кескіндеме және графикалық туындыларымен қатар көрмеге кеңестік орыс шеберлерінің Игорь Васильев, Николай Силиса және Эмилия Герценштейндердің мүсін жұмыстары қойылды.