21.02.2026

Халықаралық экскурсия жетекшісі күніне орай музейдің Балалар көркемсурет студиясында жақсы дәстүр қалыптасқан — шәкірттердің бірі экскурсия жетекшісі рөлін атқарып, достарына арнап танымдық кездесу өткізеді. Биыл бұл жауапты міндетті Бекет Даяна атқарды. Ол «Союз русских художников» шығармашылық бірлестігінің шеберлері туралы әсерлі әңгімелеп, олардың өнердегі ізденістері мен шабыт әлемін таныстырды. Сол сәтте музей залдары жанданып сала берді, кеңістік шынайы қызығушылыққа, ойлы сұрақтарға және жаңа ашылымдардың қуанышына толды.

Scroll to Top