Халықаралық музейлер күні құтты болсын!
Бүгін – ғаламдық деңгейдегі тамаша мереке, Халықаралық музейлер күні!
Музей… Осы бір сөздің өзінде тұтас әлем жатыр. Мұнда тарих пен қазіргі заман тоғысады, шығармашылық ғылыммен үндеседі, ал жады болашаққа ұмтылыспен астасады. Бұл – ешбір кеңістікке ұқсамайтын ерекше әлем. Осында адам бір сәт күнделікті күйбеңнен алыстап, өнермен сырласады, ой тереңіне бойлап, рухани тыныс табады. Мұнда жас та, кәрі де, түрлі мамандық иелері мен әр тілде сөйлейтін жандар келеді. Өйткені музейлердің бастауы музаларға арналған қасиетті мусейондардан тарайды дейді.
Ендеше, музалар музейлерді әрдайым қолдап-қорғай берсін, көрермендер мен өнер сүйер қауымның легі ешқашан толастамасын, ал баға жетпес коллекциялар сақталып, толыға түссін!
Абай облысы Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі барша сүйікті келушілерін және әріптестерін Халықаралық музейлер күнімен шын жүректен құттықтайды! Сіздерге шуақты күн, жүрекке қуаныш, қызықты табыстар мен жаңа жаңалықтар тілейміз!
Мерекелеріңізбен, қадірлі достар!


