«Киноға жан бітірген суретші» или «Кино – суретшінің көзімен»
Невзоровтар отбасы атындағы музейде өткен өнерсүйер қауым клубының кездесуі
Кино дегеніміз не — режиссердің, актердің әлде суретшінің өнері ме?
Осы сауалдың жауабын Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде өткен өнерсүйер қауым клубының кезекті кездесуіне қатысушылар іздеді. Кештің тақырыбы – киноның бейнелік шығармашылық кеңістігі болды. Себебі фильм әлемін жасап, оны бояулармен, фактурамен, жарықпен және эмоциямен толтыратын – суретшілердің өздері.
Кешті музей қызметкері, кино әлемін терең сүйіп, жан-тәнімен сезіне білетін Ольга Андреевна Неудачина жүргізді. Ол көрерменге кадр сыртында қалып, бірақ кинодағы өмірдің тынысын, шынайы лебін дарыта білетін жандар туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Суретші-қоюшылар, декораторлар, костюм бойынша суретшілер мен концепт-арт шеберлері – болашақ фильмнің бейнесін бәрінен бұрын көріп, оны көркем арманға айналдыратын тұлғалар жайында сыр шертті.
Ал осы көркем ойдың ұшқыны қалай туады?
Суретші шабытты қайдан табады? Клуб қатысушылары жиі фильмдерге идеяның сурет өнерінен бастау алатынын еске алды — жарығы мен бояуы, ырғағы мен көңіл күйі бар кенептерден жаңа киноәлемнің тынысы туады
Залда Андрей Тарковский, Уэс Андерсон, Стивен Спилберг, Дени Вильнёв сынды ұлы шеберлердің есімдері аталды. Көрермендер «Дюна», «Сақиналардың әміршісі», «Бегущий по лезвию 2049», «Шиндлердің тізімі» мен «Жасыл миль» секілді фильмдердің кадрларын мұқият талдап, олардың бейнелік құрылымын кескіндеме мен графика туындыларымен салыстырып көрді. Кадрды құру мен картинаны жазу арасында ортақ тіл бар екені анықталды — жарық пен көлеңкенің өзара әуені, үйлесім іздеу, сезімді бейне арқылы жеткізуге деген ұмтылыс – екеуіне де тән.
Кино жайлы әңгіме бір сәтте шығармашылық, шабыт пен адам қиялы туралы терең диалогқа ұласты. Қатысушылар суретшінің кинодағы рөлі тек безендірушімен шектелмейтінін, ол режиссердің серігі, тарихқа жан бітіріп, көріністі сезімге айналдыратын тұлға екенін атап өтті.
Кездесу жылы да шынайы рухта өтті.
Өйткені, шын мәнінде, киноны сүймейтін жан бар ма екен?!
Ал клуб қатысушыларының өздері бұл кеш туралы былай деді:
«Бүгінгі дәріс керемет әсерлі болды — бір жарым сағатқа шын өмірден ажырап, басқа кеңістікке енгендей күй кештім. Кино туралы шексіз айтуға болады ғой. Бұл –, сірә, ең көпшілікке ортақ өнер түрі, түрлі буынды тоғыстырып, әр дәуірді өзара байланыстыра білетін ғажайып құбылыс. Ол үнемі жаңа режиссерлік шешімдерімен, оқиғалар желісімен, операторлық тәсілдерімен, костюмдері мен әуендері арқылы таң қалдырып отырады. Киноның өз бойында бәрі бар: кескіндеме мен музыка, әдебиет пен мультипликация – бәрі нәзік өріліп, біртұтас әлемге айналған.
Бүгінгі кездесуде Ольга Андреевна осының бәрін ерекше шынайылықпен, тереңдікпен, шабытпен және сүйіспеншілікпен жеткізді. Әдетінше, әр сөзі жанға жылы тиді! Барша ұйымдастырушыларға және Ольга Андреевнаның өзіне зор алғыс!» (Лия)












