Көктемгі жаңаруды суреттейміз…
Жер қар жамылғысын шешіп, ашық түсті гүлді желбіреген көйлек киеді; аңдар қысқы ұйқысынан оянып, құстар туған мекеніне оралады. Жер жаңарып, жазғы ыстыққа дайындалып, күлімдеген күнмен амандасады.
Барлық тіршілік иесі – осы жаңаруды сезеді, ал суретшілер оны өз туындыларында бейнелуге асығады. Марқасқа суретшілер де, жақында ғана суретші атанғандар да осы сәтті қағазға түсіреді. Мысалы, Семей қаласының Педагогикалық колледж студенттері Абай облысы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейіне келіп, ерекше техника – балауыз акварельмен сурет салуды үйренді.
Музей қызметкері, суретші және қалалық көрмелердің қатысушысы Наталья Сергеевна студенттерге шеберлік сырымен бөлісті. Қағаз бетінде гүлдер жанданып, мөлдір көк аспан жайылды, жапырақтар жасыл шұғыла шашты. Акварельдің ерекше қасиеті – мөлдірлік – суреттерді жеңіл әрі ауадай нәзік етті, ал көк көйлекті жаңарған көктем музейге келіп, суретшілердің туындыларын жылы лебімен өбіп, қайтадан еркіндікке ұшып кете барды.
Қазір Қазақстанда Наурызнама тойлануда. Әр күннің өз символы бар. Жаңару күні – мерекелер қатарындағы ең жарық күндердің бірі. Осы күнге арналған тренинг сол мерекеге арналып өткізілді. Ол студенттер үшін тек шығармашылық тәжірибе ғана емес, сонымен қатар көктемнің тынысын, оның жаңартушы күшін және шығармашылық қуанышын сезіну мүмкіндігіне айналды.







