23.06.2026

Өнер әлемінде шекара жоқ.

Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде Абай облыстық «Қазақ зағиптар қоғамы» филиалының өкілдеріне арналған ерекше экскурсия өтті.

Музейдің ғылыми қызметкері Лаура Шинжина заманауи инклюзивті әдістерді пайдалана отырып, келушілерді музей экспозициясымен таныстырды. Қонақтар экспонаттар туралы қызықты мәліметтерді тыңдап қана қоймай, олардың пішіні мен ерекшеліктерін қолмен сезінуге мүмкіндік беретін тактильді үлгілер арқылы өнер туындыларымен жақынырақ танысты.

Қатысушылар аудиодескрипциясы бар арнайы құлаққаптарға ерекше қызығушылық танытты. Бұл құралдың көмегімен олар музей жәдігерлері мен көркем туындылардың сипаттамасын тыңдап, өнер әлемін жаңа қырынан таныды. Мұндай тәсіл көру қабілеті бұзылған адамдардың мәдени мұрамен жақынырақ танысып, өнерді тереңірек қабылдауына ықпал етеді.

#НевзоровтарМузейі #ИнклюзивтіМузей #ҚолжетімдіОрта #ҚазақЗағиптарҚоғамы #Семей

 

Scroll to Top