«ХХ ғасырдың бейнелеу өнері»
Ұзақ жазғы демалыстан кейін Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде Өнер сүйер қауым клубы өз жұмысын бастады. Бұл ұмытылмас кездесу болды! Тіпті «керемет» деп айта аламыз! Мұндай эпитет асыра сілтеу емес. Ол кездесу қатысушыларының пікірлерінен алынған!
«Барлығыңызға сәлем, менің атым Максим. 🙂 Керемет қызықты дәріс үшін рақмет айтам!»
Алғашқы Өнер сүйер қауым клубының кездесуінде кіші ғылыми қызметкер, Сивашова Юлия Валерьевна тыңдаушыларды жаңа стильдер мен жарқын есімдер пайда болған өткен ғасырдың басындағы өнер әлемімен таныстырды. Дәріс тарихқа шолумен басталды: экспрессионизм, кубизм, абстракционизм, поп-арт, оп-арт, және олармен бірге Анри Матисс, Андре Дерен, Жорж Брак, Василий Кандинский, Пит Мондриан, Марк Ротко, Казимир Малевич және басқалар. Содан кейін – музей залдарымен экскурсия, мұнда «Бубновый валет» және «көгілдір раушан» және одан бөлек Александр Ситников.
Үлкен кезеңнің үлкен топтары және өнер тарихының үлкен бөлімі. Бірақ Юлия Валерьевна тыңдаушыларға дәуір атмосферасы мен құбылыстардың мәнін жеткізіп қана қоймай, әр тыңдаушыны қызықтырып, баурай алды. Міне, оған пікірлер дәлел:
«Қайырлы кеш! Клубтағы қызықты дәріс үшін Юлия Валерьевнаға көп рақмет! Өнер тарихының осындай кең пласты қамтылды, бірақ бәрін дәріскер қол жетімді, танымды, қызықты және әзілмен баяндады! Уақыт жылдам және пайдалы өтті!»
«Біздің қоғамдастықтың жастар бөлігінен үлкен алғысымды білдіргім келеді. Дарынды адамдардың біздің өміріміздің өте маңызды бөлігі — кескіндеме туралы айтуы өте керемет.
Біз, Өнер сүйер қауым клубының кездесулеріне жақында қатысқанымызбен, бізді әр түрлі қоғамдық, тарихи көңіл-күйді бейнелейтін шығармашылықтар, суретшілер мен олардың жұмыстары қатты қызықтырады!
Керемет дәріс пен экскурсия үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!
Келесі жолы міндетті түрде келеміз!»
«Келесі жолы міндетті түрде келемін»! – осы сөз тіркесі бойынша біздің жұмысымыздың мақсатына қол жеткізілді деп айтуға болады. Тыңдаушыларды қызықтырып, оларды өнерге ғашық ету және оларды еліктіре отыра, сұлулыққа деген сезімін ояту – кез-келген өнер қызметкерінің міндеті!