Абай облысы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде Георгий Макаровтың жеке көрмесі

Суретшінің ішкі жан-дүниесінің үні кенеп арқылы естіліп, ойы символ арқылы бейнеленіп, түсірген сызықтар мән-мағынаны білдірген кезде, ол қылқалам мен қарындашты кәсіби түрде меңгерген адам болуын тоқтатады. Суретші тығыз, материалдық, нәзік ой-сана әлеміне жетелеуші ретінде танылады. Ал, көрме бір шебердің шығармашылығының көрінісі ғана болып қоймай, тереңірек мәнге ие болады.

Дәл осындай көрме 27 қараша күні Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде ашылды. Қазіргу уақытта Алматыда тұратын суретші Георгий Станиславович Макаров көрермендерге өзінің кескіндеме және графика туындыларын ұсынды. Көрме «Парақтар» деп аталады. Мұнда қылқалам шеберінің әр түрлі кезеңдері, әр түрлі тақырыптар мен идеялар жинақталған. Көрмеде көрсетілген жұмыстардың кейбір сериялары — «Таспен ойын», «Тыныш өмір», «Балаганчик», «Кофе қоюында бал ашу», «Аңыздар». Адам мен заттар әлемі, адамның осы өмірдегі рөлі формалар мен символдар тізбегі арқылы түсініледі. Тегіс, оқшаулау түс, тіпті кескіндеме жұмыстарында да кездесетін графика, арнайы композициялық әдістер көрерменді ұйымдастырады, оның санасын тәртіпке келтіреді, заттардың мәніне барынша ене отыра, жұмыс істеуге мәжбүр етеді.

Георгий Станиславович өзі көрменің ашылу салтанатына қатысып, ашылғанға дейін музей қызметкерлерімен өз шығармашылығы туралы ой бөлісті. Көрменің жалғасы бар. Суретшінің балалар өнер студиясының оқушыларына дайындаған екі шеберлік сабағы келесі күндері өтеді. Шебердің суреттері музейде ұзақ уақытқа қалады. Музейге келушілер Георгий Макаровтың көркем туындыларымен бір айдан астам уақыт таныса алады деп күтілуде, қазірдің өзінде суретшінің шығармашылығы көрермендерге ұнағаны анық. Бір әнде айтылғандай, «кім айналасына сүйспеншілікпен қараса, ол міндетті түрде өзі де сүйіспеншілікке бөленеді, ал кім нұрын шашып жарқыраса, міндетті түрде өзі де нұр шапағатына бөленеді!».

Scroll to Top