04.04.2026

Қаламыздың тазалығы-өз қолымызда!

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында елімізде дәстүрлі көктемгі сенбіліктер басталды. Бұл бастама Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен қолға алынып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне азаматтардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Абай облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің қызметкерлері де қаланың өзге мәдениет мекемелерімен бірге бұл бастаманы белсенді түрде қолдады. Музей директоры Стромская Татьяна Александровнаның жетекшілігімен ұжым туған Семей қаласын абаттандыруға өз үлестерін қосу үшін сенбілікке шықты. Акция қатысушылары Восточный кенті маңындағы аумақты тазарту жұмыстарын жүргізді.

Осындай іс-шаралар қоршаған ортаны тазартумен қатар, ұжымдық рухты нығайтып, бірлік пен туған қала тазалығы мен көркеюіне деген ортақ жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

 

Scroll to Top