Ұлттық мереке – Республика күнімен!
Абай облысы, Семей қаласында орналасқан Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі еліміздің барша тұрғындарын ұлттық мерекемізбен шын жүректен құттықтайды!
Республика күні – тәуелсіз мемлекеттілігіміздің негізін айшықтайтын, ел бірлігі мен ортақ болашағымыздың мәнін терең сезіндіретін мереке. Бұл күн – тарихымызға тағзым етіп, мәдени мұрамызды ұлықтап, ғасырлардан жалғасқан салт-дәстүрімізді ардақтауға үндейді.
Осы айтулы күнге орай музейде «Фёдор Степанов. Ұзақ күткен кездесу» атты көрме ашылды. Қаламыздың тарихында өзіндік із қалдырған тұлғаның өмірі мен мұрасын таныстыратын көрме өткен мен бүгінді жалғап, уақыт тереңінен жеткен тарихи жауһарларға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Тарихымыз тағылымға, мәдениетіміз мақтанышқа айналып, елдігімізді айқындайтын құндылықтарымыз ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін! Туған жерге деген сүйіспеншілік әрқайсымызға күш-қуат беріп, жарқын болашаққа бастасын!
Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем, Қазақстанымыздың мерейі үстем болсын!
#РеспубликаКүні #НевзоровтарМузейі #АбайОблысы #ФёдорСтепанов


