Жақсылық жақсылыққа ұласады.
Невзоровтар отбасы атындағы музейден балаларға арналған шығармашылық тренинг.
Балалық шақтың мәні мен бала құқықтарына қоғам назарын аударуды мақсат еткен «Бала құқығы – мемлекет тірегі» атты онкүндік акция өңірімізде кеңінен жүзеге асырылуда. Осы бастама аясында Абай облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде үшінші іс-шара өтті. «Балаға деген мейірім – қоғам жауапкершілігі» ұранымен белгіленген күні музей қызметкерлері № 5 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне арнап шығармашылық тренинг ұйымдастырды. Балалар бейнелеу өнерінің өзгеше бір түрі – ошибана техникасымен танысып, табиғи материалдардан көркем туынды жасаудың қыр-сырын меңгерді.
Күзгі жапырақтар мен шөптерді жұқа желім қабатына орналастыра отырып, жас шеберлер өз қиялдарынан туған қайталанбас композициялар жасады. Табиғатта бір-біріне ұқсамайтын жапырақ пен бұтақ секілді, баланың да қиялы ешқашан қайталанбайды. Ал сол қиял айналасындағы жандардың мейірімі мен махаббатына бөленсе, одан да ғажайып дүниелер туады.
#НевзоровтарМузейі #ЖақсылықЖақсылыққаҰласады #БалаҚұқығы #БалаҚұқығыМемлекетТірегі #БалаларШығармашылығы #ШығармашылықТренинг #Ошибана #БалалықӘлемі #Мейірімділік #АбайОблысы #Семей










