Ана тілі – Ұлт айнасы.
Қазақстан халқы Тілдері күні — достық, бірлік және өзара түсіністіктің мерекесі. Ол 5 қыркүйекте — қазақ тілінің, жазуының және білімнің дамуына зор үлес қосқан көрнекті қазақ ағартушысы, ғалымы және тіл маманы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде атап өтіледі.Қазақстан — көпұлтты және көптілді ел. Мұнда түрлі тілдер жаңғырады, әрқайсы өз халқының тарихы мен мәдениетін сақтайды.
Қазақстан –көпұлтты және көптілді ел. Мұнда өз халқының тарихы мен мәдениетін сақтаған әр түрлі тілдер орын алады.
Бұл дәстүр Невзоровтар отбасы атындағы Облыстық бейнелеу өнері музейінің кітапханасында да көрініс тапқан. Оның көптілді қорында өнер туралы кітаптар қазақ, орыс, неміс, поляк, корей және татар тілдерінде ұсынылған. Корей тіліндегі «Абай.Таңдамалы өлеңдері» шынайы поэзия мен өнердің шекарасы жоқ екенін еске салады. Әлем музейлері туралы альбомдар орыс және неміс тілдерінде өнер шедеврлерімен таныстырса, татар тіліндегі кітаптар татар халқының тарихы, дәстүрі мен мәдениеті туралы баяндайды. Тілдер құрметпен жаңғырсын, ал кітап мәдениеттердің, ұрпақтардың және жүректердің арасын жалғастыратын көпір болсын!
#ТілдерКүні #ҚазақстанТілдері #АнаТілі #АхметБайтұрсынұлы #Кітап #Өнер #МузейКітапханасы















