22.03.2026

«Ұлы Дала мұрасы» квиз-ойыны

Наурыз — көктемнің, дәстүр мен бірліктің мерекесі. Дәстүрлер ұрпақтан ұрпаққа жалғасқанда ғана сақталады: бірі оны отбасыда дәріптесе, енді бірі білім арқылы таниды.

Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде Электротехникалық колледж студенттеріне арналған «Ұлы Дала мұрасы» квиз-ойыны өтті. Шараны музей педагогы Сивашова Юлия Валерьевна жүргізді.

Бес команда білім, логика және тапқырлық бойынша сайысқа түсті. Қатысушылар «Ширату», «Сурет бойынша салтты таны», «Музыкалық аспапты дыбысы арқылы анықта», «Шын немесе жалған» кезеңдерінен өтті.

Ойынға 30-ға жуық адам қатысып, екі команда жеңіске жетіп, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Студенттер музейге тұрақты келіп тұрады. Оқытушы Гидулян Наталия Леонидовнаның бастамасымен бұл игі дәстүр жастардың мәдениетке қызығушылығын арттыруда.

 

Scroll to Top