Якоб Фолкема «Мелеаграның дүниеге келуі» Шарль Лебрен бойынша
Было полено: его — когда после родов лежала
Фестия дочь — положили в огонь триединые сестры
Нить роковую суча и перстом прижимая, младенцу
Новорожденный, даем».
Овидий. «Метаморфозалар» 8. 451-455
Плеврон қаласының патшасы Фестияның Алфея есімді әдемі қызы болған. Оның сұлулығын жұрт аңыз қылып қарапайым адамдар да, құдайлар да таң қалған. Алфеяның күйеуі адамдардың бірі, Калидон қаласының патшасы Ойней болды. Бірақ бұл ұлы құдайға кедергі болуы мүмкін бе? Арес құдайды Алфеяға деген құмарлық мен махаббат сезімі жетелеп, ол жерге түседі, сұлу қыз бен опасыз құдайдың махаббат түнінен Мелеагр кейіпкер дүниеге келеді.
Алайда, ұлдың дүниеге келу бақыты мойраның бірі, Атропоспен айтылған: «отқа лақтырған шөрке жанып біткен кезде сәбиін өледі» деген болжамымен қайғыланады. Анасы ұлын қорқынышты тағдыр құрсағынан аман алып қалады. Ол жанып жатқан оттан шөркені жұлып алып…, оны көптеген жылдар бойына ешкім көрмейтін жерге тығып тастайды.
…Провещав прорицанье такое,
Вышли богини; а мать головню полыхавшую тотчас
Вынула вон из огня и струею воды окатила.
Долго полено потом в потаенном месте лежало
И сохранялось, — твои сохраняло, о юноша, годы!
Овидий «Метаморфозалар», 8. 455-459
Алфеяның күйеуі Ойней өзінің қонақжайлылығымен және көңілінің кеңдігімен танымал еді. Ол өз қонақтарына сыйлықтар беріп, құдайларға алғыс білдіру үшін құрбан шалатын. Бірақ бір күні егін жинау мерекесінде ол бір Құдайды ұмытып кетеді. Ойней Артемидаға құрбандық шалуды есінен шығарып алады, сол үшін өзі де және патшалығы да құдайдың ыза-қаһарына ұшырайды. Қорланған аңшы құдайы Калидонға үлкен қабанды жібереді. Ол егіс алқабтарын қиратып, каледондықтарға көптеген қиындықтар тудырады. Қабан өте қорқынышты еді және осы құбыжықпен күресуге өптеген батырлардың батылы жете бермеген.
Часто щетина торчит, наконечникам копий подобно, —
Целой оградой стоит, как высокие копья, щетина.
Хрюкает хрипло кабан, и, кипя, по бокам его мощным
Пена бежит, а клыки — клыкам подобны индийским,
Молния пышет из уст: листва от дыханья сгорает.
Овидий «Метаморфозы», 8.285 – 289
Мелеагр қабанмен шайқасқа түседі. Жолдастарын жинап, ол жануарға шабуыл жасайды және ұзақ шайқастан кейін оны найзасымен қадап өлтіреді.
Музей коллекциясындағы гравюраларының бірі осы кейіпкердің туған тарихы мен ерлігіне арналған.
Батыс еуропалық графика залында әйгілі голландиялық шебер Джейкоб Фолкеманың мыс бетіне ойылып түсірілген «Мелеаграның дүниеге келуі» гравюрасы ілініп тұр (1692 – 1767).
Әдемі безендірілген ағаш төсекте жаңа босанған әйел жатыр. Бұл Алфея. Оның төсегінің үстіне әсерлі қимылмен суреттелген мойра әйелінің бірі төніп тұр. Екіншісі, нәресте Мелеаграны қолында көтеріп тұр. Анасының төсегі жанында бесік қойылған. Бесік бай оюлармен безендірілген. Бесіктің жанында құмыра мен тостаған бар. Алдыңғы планда отқа шөрке салып тұрған мойра бейнеленген. Ол Атропос. Дәл қазір ол өзінің қорқынышты болжамын айтуда.
Шебердің нақты оймыш оюлары айқын сызықтармен Ойней сарайының бөлмесінің жай-күйін бейнелейді. Едендегі плитка төсемдері, төсек оюлары, киімдер мен бесіктің маталары, төсек пердесі мен ауыр балдахин желбірлері, құмырада және тостағандардағы сәуле жарықтары, от жалынының тілдері, бөлмеге хош иісті түтін шығаратын аспаптың оюланған аяқтары мұқият орындалған және әсімдігімен көз тартады. Әйел-құдайдың қимылдары эмоционалды, сонымен қатар нәзік берілген. Ал, Алфеяның өзі болса басына қолын қойып, тағдыр құдайы Атропосты мұқият қадағалап жатыр.
Гравюраның бай жақтауы парақта айтылған оқиғаны жалғастырады. Мұнда найзалар мен жебелер, жапырақтар мен бұтақтардың суреті түсірілген. Бүкіл суретті шырмап, бай жақтау төменгі нүктеге шоғырланып, қабанның басымен аяқталады.
Бұл гравюраны Джейкоб Фолкема (Фидель – Якоб – Исидор — Коридон Фолкема) Король Луи XIV сарай жанындағы және Корольдік гобелен зауытының директоры Шарль Лебреннің суретшісі жасаған гобелендерге арналған суреттер негізінде салады. (1619 – 1690). Ол Еуропаның көптеген сарайларын көркем безендіріп тұрған Мелеагра оқиғасы бойынша гобелендердің бүкіл топтамасын салып шыққан.
Алфея мен Мелеаграның оқиғасының аяғы, өкінішке орай, қайғылы еді. Мелеаграның ертіп жүрген аңшылардың арасында «тегенян-бикеші», Аталанта болды. Оның жебесі қорқынышты қабанды жаралап, аңды ауыр жарақаттайды. Батырлар олжасын бөліскен кезде, Мелеагр оған жануардың терісін сыйға тартады, оған жолдастары қатты ашуланады. Жанжал басталып, ашуға булыққан Мелеагр ағасы Плексипті өлтіріп алады. Бұл туралы білген Алфея кек алуды ойластырады. Оның есіне мойраның болжамы түседі, шөркені тауып алып оны отқа лақтырып жағып жібереді. Осылайша ұлын өлтіреді.
… Лишь разгорелся
Злостный огонь: «Моя да истлеет утроба!» — сказала —
И беспощадной рукой роковое подъемлет полено.
Овидий «Метаморфозалар», 8.477 -479
Ол өзінің не істегенін ұғынған кезде оны қорқыныш сезімі бөлеп алады! Кек алу ойынан айыққан Альфея өз қолымен ұлын өлтіріп алғанын біліп, өз-өзін өлтіреді.
Мало-помалу зола убелила остывшие угли.
Гордый простерт Калидон; и юноши плачут и старцы,
Стонут и знать и народ; распустившие волосы с горя
В грудь ударяют себя калидонские матери с воплем.
Пылью сквернит седину и лицо престарелый родитель,
Сам распростерт на земле, продолжительный век свой поносит.
Мать же своею рукой, — лишь сознала жестокое дело, —
Казни себя предала, железо нутро ей пронзило.
Овидий «Метаморфозалар», 8.525 — 532