Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі
«Музей түні –2024» акциясы аясында Абай облысының
«ЖАН-ТӘН ЭКОЛОГИЯСЫ»
көркем фотосурет көрме-конкурсын өткізу туралы хабарлайды
«Біз құстар сияқты ауада ұшуды үйрендік.
Біз су астында балық сияқты жүзуді үйрендік.
Біз әлі де жер бетінде адам болып өмір
сүруді үйренуіміз керек»
Б. Шоу
Табиғат адам болмысының негіздерінің, адам тіршілігі сүйенетін сөзсіз құндылықтардың арасында алғашқы орындардың бірін алып тұр. Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін адамның әлеуметтік, моральдық, рухани ұмтылыстары табиғатпен байланысты болды.
Қазіргі уақытта біздің планетамыздың тірі қабығы үлкен күш қысымына ұшырауда. Біз айтып отырған жағдай жаһандық экологиялық проблемалар болып отыр. Өмірлік тәжірибе табиғат экологиясы жан-тәннің экологиясынсыз болашағы жоқ екенін көрсетеді. Неміс жазушысы және ойшылы И. Гетенің әділ сөзіне сүйенсек, «біз жан-дүниемізде нені қалыптастырсак — сол табиғаттың мәңгілік заңы». Жан-тән экологиясы — бұл әр адамның жеке рухани дамуының сапалы деңгейі. Бұл өзін және оның сыртқы әлеммен байланысын терең түсіну. Ар-ождан, ар-намыс пен әділеттілікті басшылыққа ала отырып, игілікке ұмтылу. Өйткені, іс-әрекеттеріміз бен ойларымыз таза болса, қоршаған орта да таза болады.
Осы маңызды іске қатысқысы келетін Невзоровтар отбасы музейі «Жан-тән экологиясы» атты көркем фотосурет көрме-конкурсын өткізетіндігін хабарлайды. Біз өлкеміздің тағдыры мен табиғатына мән беретін барлық белсенді және талантты адамдарға жүгінеміз! Табиғатқа камераның объективі арқылы қарап, сізді не қызықтыратыны, шабыттандыратыны туралы айтып берсеңіз. Мағыналардың ізденісі туралы ойланыңыз және біздің көрерменді айналасына бір сәт көз тастай отыра, ойландыратын, ішкі жан-дүниесін өзгертетін ең жарқын серпілісті қалыптастырыңыз. Бірде дана адам: «Ертең дүниенің соңы болса да, ағаш отырғызуды ұмытпаңыз»,-деді. Ақырзаманды күтпейік, қазірден бастап ағашымызды отырғызайық! Жан-тәніңе қамқор бол!
Негізгі тақырыптар:
- «Тірі планета» — біздің облыстың өсімдіктер мен жануарлар әлемі, қорғауды қажет ететін, өлкенің табиғаты.
- «Табиғат: SOS» — облыстың экологиясына байланысты проблемалық мәселелер (стихиялық полигондар, ауаның, топырақ пен судың ластануы, ағаштарды кесу және т.б.
- «ЭКО стиліндегі өмір» — отандастарымыздың игі істерін көрсететін адамдар мен өмірлеріндегі оқиғалар.
- «Біз тамырымызбен тіріміз» — бізді қалыптастыратын орта (туған үй, үйдің архитектурасынан белгілі болатын отбасы тарихы, тартылыс орындары және т.б.)
Көрме-конкурсқа қатысу тәртібі мен ережелері:
- Көрме-конкурсқа қатысу автоматты түрде қатысушылардың осы Ережелермен танысуын және толық келісуін білдіреді.
- Көрме-байқауға 16 жастан асқан кәсіби фотографтар мен әуесқой фотографтар қатыса алады. Жұмыстар көркем фотосурет болуы керек, яғни образдың немесе сәттің көрінісі мен жеке көзқарасын айқындауы керек.
- Көрме-конкурсқа қатысу үшін сауалнама-өтінімді (нысан қоса беріледі) толтыру және фотосуреттермен бірге (электрондық түрде) ұйымдастырушыларының электрондық поштасына fitoliniya@mail.ru 2024 жылғы 30 сәуірден кешіктірмей жіберу қажет. Әр қатысушыдан іріктеуге бес жұмыс қабылданады. Графикалық редакторларда өңделген, сондай-ақ көрме-конкурсқа қатысқан сәттен бастап екі жыл бұрын орындалған фотосуреттер қабылданбайды.
- Көрмеге қатысу үшін фотосуретті жариялай отырып, қатысушы өзі орналастырған фотосуретке барлық авторлық құқықтар тек өзіне тиесілі екенін және көрмені өткізу кезінде осы фотосуретті пайдалану үшінші тұлғалардың мүліктік және/немесе мүліктік емес құқықтарын бұзбайтынын растайды.
- Фотосуреттер келесі критерийлерге сәйкес келуі керек:
- көрме тақырыбына сәйкестік;
- түпнұсқалық;
- көркемдік деңгей;
- идеяның өзіндік ерекшелігі және жұмыс мазмұны;
- орындау техникасы мен сапасы.
- Ұйымдастырушы қосымша түсініктеме бермей, талаптарға сәйкес келмейтін фотосуреттерді көрме-конкурсқа қатысуға жібермеуге құқылы.
- Іріктеу нәтижелері туралы хабарламадан кейін қатысушылар фотосуреттерді басып шығарып, музейге 8 мамырдан кешіктірмей Пушкин көшесі, 108 мекенжайы бойынша алып келуі керек. Фотосуреттер «jpg» форматында кемінде 100 dpi (дюймге пиксель), фотосуреттің кіші жағы кемінде 1500 пиксель және өлшемі кемінде A4 форматта болуы керек. Файл атауы жұмыс атауларына сәйкес келуі керек. Фотосуреттер қатысушыларға қайтарылмайды.
- Көрме-конкурстың қорытындысы «Музей түні» акциясы кезінде 17 мамыр түнінің басты сахнасында жарияланады. Үздік жұмыстар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
Өтінім нысаны: Өтінім
Телефон арқылы анықтама: 8 /7222/ 353909
Кураторлары: Буркитова Гульнар Куандыковна, тел: +7 707 5034769
Белякина Наталия Александровна, тел. +7 708 166 3687