Мереке құтты болсын, қымбатты Елордамыз! Туған күнің құтты болсын, Астана!
Әсем қала Астана! Кең даңғылдары мен әсем саябақтары, заманауи зәулім үйлері мен әсерлі сарайлары, түнгілікте түрлі-түсті шамдарымен жарқырап, күндіз күбірлеген адамдардың дауыстары жаңғырады. Заманауи және ескі көшелері қонақтар мен туристерді тамсандырады, жергілікті тұрғындарға күнделікті күйбең тірлікте жайлылық береді, шығармашылық, әсер, жайлылық іздеген адамдарды жаңа мүмкіндіктермен қарсы алады.
Астананың орталығында кең алаңда көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» монументі – шыңында шар көтеріп тұрған ағаш тәрізді бақылау мұнарасы бар. Бұл жаңа сәулет нысандарында бейнеленген көшпелілер туралы ежелгі аңыздың бейнесі және қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің символы.
Әлемдердің тоғысқан жерінде Дүниежүзілік өзен ағып жатыр. Оның жағасында жерді тамырымен ұстап, тәжімен көкті тіреп тұрған Өмір ағашы – Бәйтерек бой көтерді. Жыл сайын Ағаштың тәжінде киелі құс Самұрық «Күн» атты жұмыртқа салады. Ал ағаштың түбінде мекендейтін Айдаһар осы жұмыртқаны жұтып қояды, бұл символикалық түрде — жаз бен қыстың, күн мен түннің ауысуын, жақсылық пен жамандықтың күресін білдіреді.
Бүгінде Бәйтерек қаланың символы ғана емес, Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейнде өткен кезекті тренингке келген жас суретшілердің шығармашылығының тақырыбына айналды. Балалар өздеріне бейтаныс жаңа – гратография техникасында жұмыс жасады. Қара парақ бетіне сызықтар түсіп, Өмір ағашы өсіп, Бәйтерек көкке көтеріліп, жан-жағын адамдар қоршап, аспанда бұлттар қалықтады.
Бұл тренингті музей қызметкері Наталья Сергеевна Неделкина өткізді. Ол балаларға графиканың қыр-сырымен таныстырып, композицияның заңдылықтары жайлы жалпы түсінік берді. Онымен қатар, балаларға астанамыздың орталығындағы зәулім ескерткіштің негізі болған аңызды жалпылап айтып берді.
Осылай, қуанышқа толы шығармашылықта музей мен оның сүйікті келушілері аяулы Астанамыздың туған күнін бірге атап өтті.