Қиындықты жеңіп, жұлдыздарға жету!
Балалар көркемсурет студиясының шәкірттері классикалық шеберлердің туындыларын көшіріп салуда.
Сіз қалай ойлайсыз, данышпандық адамға туа бітетін қасиет пе? Бәлкім, солай да шығар. Алайда нағыз дарын тынымсыз ізденіс пен табанды еңбектің, айналаға зер сала білудің және өз күшіне деген нық сенімнің арқасында шыңдалады. Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі жанындағы балалар көркемсурет студиясының шәкірттері бойынан осы қасиеттердің бәрі табылады. Олар мұны әр сабағында дәлелдеп келеді.
Бүгін жас суретшілер музей экспозициясындағы өнер жауһарларымен танысып, өткен дәуірдің ұлы шеберлерінің туындыларына үңілуде. Әр туындыны зерделеп, оның сырын ұғынуға талпынады, шеберлердің қолтаңбасын танып, картиналарын қайталап салады. Бұл – төзім мен табандылықты талап ететін күрделі еңбек. Бірақ оның жемісі шабыт сыйлайды! Кім білсін, бәлкім, осы бүлдіршіндердің арасынан ертең біртуар суретшілер шығар!
#НевзоровМузейі #СемейМузейі #АбайОблысы #БейнелеуӨнеріМузейі #МузейШәкірттері #КөркемсуретСтудиясы


