Ұлттық кітап күніне арналған кездесу
Абай облысындағы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде балалар көркемсурет студиясының оқушыларымен Ұлттық кітап күніне арналған кездесу өтті. Іс-шара барысында оқушылар кітап басып шығару тарихымен танысып, кітаптың адам өміріндегі маңызын талқылады. Сонымен қатар қазақ тіліндегі баспа ісінің дамуы және Қазақстандағы заманауи баспалар туралы мәлімет алды. Музей кітапханасына түскен жаңа басылымдар ерекше қызығушылық тудырды. Қатысушылар кітаптарды қолдарына алып, олардың безендірілуі мен мазмұнын тамашалады. Кездесуді музей кітапханашысы Шестакова Лариса Алексеевна жүргізіп, кітаптың білім мен шабыттың маңызды көзі болып қала беретінін атап өтті. Бұл кездесу кітап оқудың маңызын және оның тұлға қалыптастырудағы рөлін тағы бір мәрте еске салды.
#ҰлттықКітапКүні #Кітап #КітапОқу #ОқуМәдениеті #Білім #Руханият #Балалар #Өнер #Музей #Семей #АбайОблысы #Кітапхана #КітапӘлемі #ЖекеТұлғаДамуы #Шабыт #ҚазақстанКітаптары #Қазақстан #БалаларШығармашылығы #КөркемСурет #Оқушылар


