21.03.2026

«Жер-Ана құшағында»

Наурыз мерекесі қарсаңында Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде «Жер-Ана құшағында» атты музей қорындағы қазақстандық суретшілердің туындыларынан құралған көрме ашылды. Экспозицияда табиғаттың сұлулығын, адам мен табиғаттың үйлесімін, көктеммен бірге келетін жаңаруды дәріптейтін шығармалар ұсынылды.
Іс-шараның ерекше атмосферасын музыкалық сүйемелдеу толықтырды: көрме залдарында Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училище студенттерінің орындауында күйлер ойналды. Әсерлі әрі жарқын композициялар кеңістікті әуезді үнге бөлеп, көрменің мазмұнын тереңдете түсті.
Бейнелеу өнері мен ұлттық музыканың үйлесімі көрермендерге туған табиғаттың көркемдігін жаңаша сезінуге, көктемгі жаңару рухын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Scroll to Top