Герасимов Сергей Васильевич — көркем суретші, график, иллюстратор, педагог, өнер тарихшысы. РСФСР Халық суретшісі (1943 жылдан), КСРО Халық суретшісі (1958 жылдан), Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1937 жылдан), КСРО ӨА-ның толық мүшесі (1947 жылдан), КСРО Суретшілер Одағының басқармасының бірінші хатшысы (1958-1964).
Строганов көркемөнер-өнеркәсіп училищесінде (1901-1907) және Мәскеу кескіндеме, мүсін және сәулет училищесіңде К. Коровин, С. Ивановтан оқыды.
30-шы жылдардан бастап суретші өз жұмысының көп бөлігін пейзаж жанрында, нәзік әсімділікпен, үйлесімділікпен және колориттің тазалығымен жазады. Осындай пейзаждардың бірі біздің музейдің коллекциясында. Бұл «Қарғалары бар қысқы пейзаж» картинасы.
