Горбатов Константин Иванович – орыс суретшісі, пейзажшы.
Самара губерниясының Ставрополь қаласында дүниеге келген. К. Горбатов алғашқы көркемдік дағдыларын самаралық суретші Ф.Е. Буровтан үйренді.
Содан кейін А.Л. Штиглиц атындағы Орталық техникалық сурет училишесінде (1895), политехникалық институтта оқыды, суретші Д. Кларктың (1896-1903) сабақтарына қатысты. 1903 жылдан 1911 жылға дейін Санкт-Петербург Өнер академиясында оқыды.
Оны орыс ескі заманының жыршысы деп атаған. Константин Горбатовтың картиналарындағы табиғат пен өмір әрқашан әдемі, сыни көзқарассыз, тек жағымды көріністермен ерекшеленеді, соның бірі музей коллекциясындағы «Ескі орыс қаласының көрінісі» картинасында сезіледі.
