Венецианов Алексей Гаврилович — орыс кескіндемесіндегі тұрмыстық жанрдың негізін қалаушы. Орыс өнері тарихында алғаш рет оның суреттерінің кейіпкерлері басыбайлы шаруалар болды.
Мәскеу көпесінің ұлы, қарапайым жер өлшеуші және кейінірек пошта қызметкері болып жүріп, 18 ғасырдың әйгілі суретшісі В.Л. Боровиковскийден кескіндемеге оқып үйренеді. Өзінің портреттерінің бірі үшін академик атағын алғаннан кейін, ол отставкаға кетеді және өзін толығымен кескіндемеге арнайды. 1818 жылы суретші Тверь провинциясындағы Сафонково қонысын сатып алады, онда ол өзінің ең жақсы қылқалам туындыларын салады.
40-жылдары суретші Орыс музейінің коллекциясында орналасқан «Картамен бал ашу» картинасын жазады. Біраз уақыттан кейін ол сюжетті қайталай отырып, осы тақырыпқа оралады. Осылайша, біздің музейдің экспозициясын безендіріп тұрған картина екінші нұсқасы болып табылады.
