Тоғысбаев Тоқболат Төлепбаұлы – суретші-кескіндемеші. 1967 жылдан бастап Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. 1998 жылдан ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері. Шымкент облысы, Георгиев ауданы, Оңтүстік ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Н.В. Гоголь атындағы АКУ, М.С. Кенбаевтың шеберханасында оқып, тәлім алды. Алматыда тұрып, жұмыс істеді. 1967 жылдан бастап көрмеге қатысушы.
Суретшінің кескіндеме картиналары – бұл станоктық кескіндеме, монументалды және сәндік-қолданбалы өнер, шығыс және батыс мәдениеттерінің дәстүрлерінің бірігуі. Музей жинағында суретші «Қалындық» (триптихтің орталық бөлігі «Күй 1941») туындысымен ұсынылған.
