Spread the love

Лизогуб Мария Сергеевна – кескіндемеші.

Николаев қаласында дүниеге келген. 1940 жылы Киев өнер институтын бітірді. Ол Ф. Кричевский мен М. Шароновтан оқыды. 1941 жылдан Алматы қаласында жұмыс істеді. 1940 жылдан бастап көрмелерге қатысушы.

М.С. Лизогубтың өнері камерліқ, тұрмыстық көріністерге арналған. Оны әсіресе қазақ әйелінің образы, ұлттық сипаттағы эпикалық қасиеттер ретінде оның даналығы мен табандылығы қызықтырады. Ол үшін қазақ киіз үйінің түрлі-түсті интерьері – тіршілік ету ортасы ретінде де, көп жағдайда — шебер әйелдердің ісмерлігі де тартымды болды. Бұл «Құмғаны бар натюрморт» картинасында да көрініс тапты.

Scroll to Top