Түлкиев Бексейіт Әбдезұлы – суретші-кескіндемеші. Қазақстан комсомолы ОК сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі.
Шымкент облысы Леңгір ауданы Қасқасу ауылында туған. 1981 жылы Мәскеу жоғары өнер және өнеркәсіп училищесін (бұрынғы Строгановское) бітірді. Алматыда тұрып, жұмыс істеді.
Бексейіт Түлкиевтің жұмыстары өмірді философиялық тұрғыдан түсіну, мәңгілікті сезіну және өзінің дүниетанымын білдіру деген ұмтылыспен ұштасады. Суретшінің өте ерекше, жарқын, жұмбақ суреттері қазіргі уақытта да кез-келген музей коллекциясында өзекті және қалаулы туынды қатарында. Осындай жұмыстардың бірі – «Кеш» атты картинасы.
