Бобровский Роман Евгеньевич – суретші-кескіндемеші.

Новокузнецк қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін, 1998 жылы Алматы теологиялық епархия училищесін, 2005 жылы Томск теологиялық семинариясын бітірген. 1987 жылдан 1992 жылға дейін «Ночной трамвай» тобының мүшесі. 1992 жылдан 1997 жылға дейін Семей педагогикалық институтында кескіндеме және композициядан сабақ берді. 1987 жылдан бастап облыстық, республикалық және халықаралық көрмелерге қатысушы. 1997 жылдан Жезкент кентінде тұрады. Протоиерей. Иоанн-Богословский приходының бастығы, иконография және шіркеу өнерінің епархиялық бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

Роман Бобровский – 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басындағы қазақстандық суретшілер буынының өкілі, кеңестік дәстүр мұрасымен түбегейлі бөлінген ұрпақ. Метафоралық кескіндеменің жақтаушысы ретінде ол өзін қарапайым өнер түрлерінде де сынап көреді. Шебердің шығармашылығы суреттердің көп мәнділігі мен символдылығы және жарқын, позитивті-сенімді дүниені сезінумен ерекшеленеді. Музей жинағындағы осындай жұмыстардың бірі — «Құс» картинасы.

Scroll to Top