Spread the love

Нарымбетов Молдақұл Сұлтанұлы – суретші-кескіндемеші, мүсінші, объектілердің, инсталляциялар мен перформанстардың авторы. КСРО Суретшілер Одағының мүшесі.

Оңтүстік Қазақстан облысы Глаба-Сай ауылында дүниеге келген. 1974 жылы П.П. Бенков атындағы Ташкент көркемсурет училищесін, 1990 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген. Қалалық, республикалық және халықаралық көрмелер мен жобалардың белсенді қатысушысы.

Молдақұл Нарымбетовты өзінің ерекшелігін тауып, айқын көрсете білген суретшілерге жатқызуға болады. Ол жалпылау арқылы, кең, сенімді, кейде экспрессивті бояу жағындылар арқылы кескіндеме тәсілін ерекше жетілдіреді. Нарымбетов түс, пішін және кеңістік мәселелерін бірінші орынға қояды. Оның кескіндемесі сезімтал және нәзік реңктер қатынастарымен ерекшеленеді. Мысал ретінде музей коллекциясындағы  «Ағаш бейнеленген пейзаж»  жұмысын келтіруге болады.

Scroll to Top