Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейіне Семей қаласындағы Электротехникалық колледждің 1-курс студенттері келді.
Жастарға Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне арналған танымдық викторина ұсынылды. Қатысушылар еліміздің өткені, тарихи оқиғалар, көрнекті тұлғалар және мемлекетіміздің мәдени, рухани әрі саяси өмірінде өшпес із қалдырған қайраткерлер туралы сұрақтарға жауап берді.
Кездесу мазмұнды әрі әсерлі өтті. Викторина студенттерге өз білімдерін тексеріп қана қоймай, жаңа мәліметтермен танысуға, туған елінің бай тарихы мен асыл мұрасын тереңірек тануға жол ашты.
Өз тарихын білу, ұлттық мәдениетін қастерлеу, салт-дәстүрін сақтау – туған елге деген құрметтің белгісі. Өткенін таныған ұрпақ қана болашағын бағалай алады!
Республика күні құтты болсын!
#РеспубликаКүні #НевзоровтарМузейі #Семей #ҚазақстанТарихы #ҚазақстанМәдениеті #МузейлікПедагогика









