04.06.2026

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Абай облысындағы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде №7 мектептің бастауыш сынып оқушыларына арналған танымдық сабақ өтті.

 

Балалар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихымен танысып, олардың мәні мен маңызы туралы әңгімелерге және викториналарға қатысты. Сондай-ақ оқушылар қағаз бен картоннан аппликация тәсілі арқылы «Құс-тұмар» шығармашылық жұмысын орындап, тұмар жасау, ою-өрнек өнері және ұлттық дәстүрлер туралы мағлұмат алды.

 

Нәтижесінде балалардың шығармашылық қиялы мен ұлттық мәдениетке деген қызығушылығы көрініс тапқан ерекше туындылар дүниеге келді.

 

#МемлекеттікРәміздерКүні #МемлекеттікРәміздер #Қазақстан #НевзоровтарМузейі #Семей #АбайОблысы #БалаларШығармашылығы #Мәдениет #ҰлттықДәстүр #ПатриоттықТәрбие

 

Scroll to Top