Абай облысы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің ұжымы Мұқашевтар отбасына әкелері — Құмар Мұқашевтің дүниеден өтуіне байланысты қайғыра отырып, көңіл айтады.
Құмар Мұқашев музейіміздің шынайы жанашыры, оның қызметіне әрдайым ықыласпен қарап, бастамаларымызға қолдау көрсетіп, музей өміріне белсене араласқан абзал азамат еді.
Оның жарқын бейнесі мен игі істері жүрегімізде мәңгі сақталады. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, ауыр қазаға байланысты көңіл айтамыз.






