Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы – қазақ халқының рухани қазынасы, ұлттық мәдениет пен ой-сана тарихының мәңгілік мұрасы. Оның даналыққа толы өлеңдері мен «Қара сөздері» адамгершілікке, білімге және елін сүюге үндейді. 2020 жылдан бастап ақынның туған күні Қазақстанда ұлттық мереке – Абай күні ретінде аталып өтеді.
Осы мерекеге орай Абай облысының Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің кітапханасы «Абай сөзі – мәңгілік мұра» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынады.
Көрмеде Абайдың өлеңдері, поэмалары, әлем әдебиетінен жасаған аудармалары мен әйгілі «Қара сөздері», сондай-ақ қазақ, орыс және корей тілдерінде жарық көрген басылымдар ұсынылған. Ұлы ақынның мұрасы бүгін де өзектілігін жоғалтпай, әлем халықтарын рухани құндылықтар төңірегінде тоғыстырып келеді.
#Абай #АбайКүні #АбайМұрасы #НевзоровтарМузейі #КітапКөрмесі










